Алматыда 4 айлық баланы өлімші еткен екі әйелге сот үкімі шықты

Фотография - Алматыда 4 айлық баланы өлімші еткен екі әйелге сот үкімі шықты

Көлікті мас күйінде жүргізіп, 4 айлық баланың өліміне себепші болған екі әйелге қатысты сот үкімі шықты.

730 0

Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты көлікті алкогольдік мас күйінде жүргізіп, баланың өліміне себепші болған екі әйелге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Зайра Серікбаева ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімімен қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танылды. Сот оған қоныс колониясында үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қылмыстық істің екінші қатысушысы Айгүл Есенбаева да ҚР ҚК-нің 349-бабының 3-бөлімімен қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танылды. Сот оған қоныс колониясында 2 жыл, 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Екі әйел 2015 жылдың 3 мамырында қамауға алынған.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 2 мамырында бұл екі әйел "Қалқаман" шағынауданында "автосайыс" өткізген. Соның салдарынан көлікті жүргізіп келе жатқан әйел оны басқара алмай, бірінші жолдың жиегінде тұрған Mercedes көлігін, одан кейін ішінде төрт айлық нәресте жатқан балалар арбасымен келе жатқан 15 жасар қызды басып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан кішкентай бала көз жұмған.

Бірақ  RAF4 көлігінің қауіпті жарысы онымен аяқталған жоқ. Тәртіп бұзушының жүргізуіндегі көлік әуелі егде жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан  Volkswagen-мен соқтығысып, одан кейін металл газ тіреуін басып, жолда тұраққа қойылған Toyota Carina көлігіне соғылды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!