Алматыда "Оптовка" базары өртенді

Фотография - Алматыда "Оптовка" базары өртенді

Сауда орталығындағы бутиктердің бірін жалын шарпығаны жайындағы ақпарат өрт сөндірушілерге таңғы сағат 6:51-де келіп түскен.

1004 0

Алматыдағы Розыбакиев пен Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан көтерме сауда базары өртеніп кетті деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Сауда орталығындағы бутиктердің бірін жалын шарпығаны жайындағы ақпарат өрт сөндірушілерге таңғы сағат 6:51-де келіп түскен.

"Оқиға орнынан хабарласқандар "Жұлдыз Сауда" ЖШС-ге қарасты базардың аумағы 300 шаршы метр болатын сауда павильондары өртеніп жатқандығын айтты. Өрт сөндірушілер жалынды тез ауыздықтады, сағат 7:40-та өрт ауыздықталса, сағат 8-де толықтай өшірілді. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр" - делінген ТЖД таратқан хабарламада.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!