Алматыда педофил 11 жылға сотталды

Фотография - Алматыда педофил 11 жылға сотталды

Кәмелет жасына толмаған қызды тұрғын үйдің жертөлесінде түсіріп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.

699 0

 22 қазан күні Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі "В" тармағымен айыпталған К.-ге қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкіміне сәйкес,  азамат К. 2014 жылы сәуір айында сағат 21.00 шамасында кәмелет жасына толмаған Л.-ды алдау жолымен тұрғын үйдің жертөлесіне түсіреді. Кейін күш қолдану арқылы он алты жастағы Л.-ға  қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.

Сот үкімімен оған  ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі "В"  тармағымен 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!