ОҚО-да жалған құжат жасап, несие алған алаяқ 7 жылға сотталды

Фотография - ОҚО-да жалған құжат жасап, несие алған алаяқ 7 жылға сотталды

509 мың теңге мөлшерінде материалдық зиян келтіргені үшін 7 жылға сотталды.

748 0

ОҚО-да алаяқтығы үшін ер адам  жеті жылға сотталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сотталушы М.А. 2012 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкін өз басқаруына алып, оны талан-таражға салуынан, серіктестік құрылтайшысы А.Н-ға 10 млн. 509 мың теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген.

2014 жылы сотталушы М.А. алаяқтық жолмен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі бұйрықтар мен шешімдерді қолдан жасап, жарғыны өзгертіп, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы ретінде өзін заңсыз тағайындап, банктен заңсыз несие алған.

Ордабасы аудандық соты М.А.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасымен, 177-бабы 4-бөлігі «б» тармақшасымен (ескі редакцияда), 385-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Тегтер:

сот үкімі ОҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!