Ақтөбе облысында барымташылар сотталды

Фотография - Ақтөбе облысында барымташылар сотталды

Тергеу барысында екі ер адамның 18 жылқыны қолды қылғаны белгілі болды.

422 0

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында жылқы ұрлаған барымташылар абақтыға қамалды. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Тергеу барысында екі ер адамның 18 жылқыны қолды қылғаны белгілі болды. Осыншама жылқы үстіміздегі жылғы қаңтар-ақпан айларының аралығында Жабасақ селосының маңындағы жайылыстан ұрланған. Шаруа қожалығының иесіне келген шығын 3 670 мың теңгені құрап отыр.

Сот екі азаматты кінәлі деп тапты. Қылмысты ұйымдастырушының мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы алдағы 3 жылын темір тордың ар жағында өткізбек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!