Әйел көліктегі педальді шатастырып, өз баласын басып кетті

Фотография - Әйел көліктегі педальді шатастырып, өз баласын басып кетті

Алдын ала деректер бойынша рульдегі әйелдің жүргізушілік тәжірибесі аз болған

411 0

Волгоградта 37 жастағы жергілікті тұрғын жол талғамайтын көлікті басқарып келе жатып, абайсызда өз баласын басып кетті, деп хабарлады ТАСС ІІМ өңірлік басқармадағы дерекөзге сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша рульдегі әйелдің жүргізушілік тәжірибесі аз болған. Ол акселератор педалі мен тежегішті шатастырып алған.

Қайғылы жағдай 22 қазанда түстен кейін, қаза тапқан баланың анасының үйінің ауласында орын алған. Әйел үй маңында қыдырып жүрген өзінің 3 жасар ұлы мен оның әжесін басып кеткен. Алынған жарақаттан бала ауруханада көз жұмса, егде әйел аман қалды, оның денсаулығына еш қауіп жоқ.

Аталмыш факті бойынша тергеу жүргізілуде.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!