Такси жүргізушісі жолақысын төлемеген клиентті сабап өлтірді

Фотография - Такси жүргізушісі жолақысын төлемеген клиентті сабап өлтірді

Кузбаста таксиге отырған жолаушы үйіне жеткенде есеп айырысуға ақшасы жетпей, қайғылы оқиғаға душар болды.

394 0

Ресейдің Кемерово облысында такси жүргізушісі жол ақысын төлей алмаған жолушыны соққыға жығып өлтірді, деп жазады sibdepo.ru ақпараттық порталы. 

Тергеушілердің айтуынша, Кузбаста таксиге отырған жолаушы үйіне жеткенде есеп айырысуға ақшасы жетпей, қайғылы оқиғаға душар болды. Нақтырақ айтқанда, жолаушы такси жүргізушісіне ақшасы жетпей тұрғанын, үйіне жеткенде көршісінен қарыз алып беретінін айтқан. Алайда, көршісі ақша бермейді, осыдан кейін ол такси жүргізушісінен қашып үйіне тығылған. Ашуа булыққан жүргізуші үйіне барып, қашқынды өлімші етіп сабаған. Қатты соққы жеген жәбірленуші туыстарының жедел жәрдем шақыртуымен ауруханаға жеткізілді. Алайда, бірнеше күннен соң ол ауруханада көз жұмған.

Ресей Федерациясының Кемерово облысы бойынша Тергеу комитетінің тергеу органдары Осинники қаласының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады. Енді такси жүргізушісі сот алдында жауап береді.


Тегтер:

Ресей такси

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!