Тараздың орталығында 20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп жіберді

Фотография - Тараздың орталығында 20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп жіберді

Күю салдарынан Е.А. Бектібаев қалалық ауруханада қайтыс болды.

3280 0


Ағымдағы жылдың 24 қазаны күні сағат 10:30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында 1995 жылы туылған азамат Е.А. Бектібаев өзін-өзі өртеп жіберді,-деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Күю салдарынан Е.А. Бектібаев қалалық ауруханада қайтыс болды.

Өртеу алдында ол қалыптасқан жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады.

Осыған байланысты болған мән-жайларды жан-жақты анықтау мақсатында осы факт бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 362-бабы (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.  

Объективтiлiктi қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорына тапсырылды.

Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бақылауында тұр.

zhambylnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!