Таразда өзін өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсіргендер ұсталды

Фотография - Таразда өзін өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсіргендер ұсталды

Бұл туралы Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады

3898 0

Полиция Тараз қаласында Ерлан Бектібаевтың өзін өзі өртеу актісін бейне таспаға түсірген бір топ адам ұсталды, деп жазады Today.kz Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Өзін өзі өртеу актісін бейнеге түсірген бір топ адам ұсталды", - деп хабарлайды аймақ ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, 24 қазанда Тараздың орталық алаңында 20 жасар Ерлан Бектібаев өзін өртеген болатын. Мұның алдында ол хат қалдырған, онда полицейлердің оған есірткі өздері салып, жалғанайып таққан деп жазған. Кейін Бектібаев алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды. Аталған факт бойыеша сотқа дейінгі "Өзін өлтіруге итермелеу" және "Билікті немесе құзыретін асыра пайдалану" баптары бойынша тергеу басталды. Істің тергеуін ҚР Бас прокуратура қадағалауға алды.

"Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында оқиға туралы өз ойларын айтты. Белгілі болғандай Бектібаев алдында денсаулыққа қасақана зиян келтіру мен ұрлық бойынша жауапқа тартылған. Алматы қаласының Алмалы ауданының соты Бектібаевты төрт жылға бас бостандығынан айырған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!