Таразда өзін өртеген Ерлан Бектібаев не үшін сотталды

Фотография - Таразда өзін өртеген Ерлан Бектібаев не үшін сотталды

2015 жылдың 5 маусымында жас жігітті ҚР ҚК екі бабы бойынша айыпталған

4634 0


Таразда өзін өртеу актісін жасаған Ерлан Бектібаев денсаулыққа қасақана зиян келтіру мен ұрлық бойынша жауапқа тартылған, деп жазады Today.kz тілшісі. Мәліметтер Жоғары соттың Сот істері бойынша анықтамалығынан білуге болады.

20 жасар Бектібаев ҚР ҚК 106 және 188-бабының 1-тармақтары бойынша айыпталған. 2015 жылдың 4 маусымында Алматының алмалы аудандық соты төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған.

Қолжетімді ақпаратқа сәйкес, 2015 жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының колледждерінің бірінің студенті Ерлан Бектібаев ерегесіп қалған білім алушылардың біріне пышақ салған.  Іс материалдары бойынша 14 ақпанда Бектібаев Алматыда жүріп, қоғамдық көлікте үш рет қалта ұрлығын жасаған. Оны зардап шегушілердің бірі таныған. Жігіт төрт эпизод бойынша да кінәсін мойындап, өкініш білдірген. Зардап шеккендер Бектібаевты кешірген.

Естеріңізге салсақ, 24 қазанда Тараздың орталық алаңында 20 жасар Ерлан Бектібаев өзін өртеген болатын. Мұның алдында ол хат қалдырған, онда полицейлердің оған есірткі өздері салып, жалғанайып таққан деп жазған. Кейін Бектібаев алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды. Аталған факт бойыеша сотқа дейінгі "Өзін өлтіруге итермелеу" және "Билікті немесе құзыретін асыра пайдалану" баптары бойынша тергеу басталды. Істің тергеуін ҚР Бас прокуратура қадағалауға алды.

Ертеректе, оқиға болған "Нұр Отан" партиясының филиалында Ерлан Бектібаев партияға шағым айтпағандығын хабарлаған болатынбыз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!