Алматыда журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Фотография - Алматыда журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

ІІБ мен Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаркент қаласының 1993 жылғы тумасын ұстадыю.

664 0

Алматыда журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ІІБ мен Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаркент қаласының 1993 жылғы тумасын ұстады.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Алматы қалалық ІІД сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 8 қазан күні белгісіз біреу  журналист Бота Жұмановаға үйінің қасында шабуыл жасап, аяусыз ұрып кеткен. 10 қазан күні бұл оқиға  түсірлген видео ғаламторда пайда болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!