Өскеменде экскаватор сегіз автокөлікті бүлдірген

Фотография - Өскеменде экскаватор сегіз автокөлікті бүлдірген

Өскеменде Грейдерная мен Бажов көшелері қиылысында тежеу жүйесі істен шыққан экскаватор сегіз автокөлікті қағып өтті

403 0

Өскеменде Грейдерная мен Бажов көшелері қиылысында тежеу жүйесі істен шыққан экскаватор сегіз автокөлікті қағып өтті. Полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша, қақтығыстан адамдар жарақаттанбаған.

 Оқиға куәгерлерінің айтуы бойынша, арнайы техниканың көпірден түсіп келе жатқан бағытында тежеу жүйесі істен шыққан.

"Бажов көшесі бойында бірнеше автокөліктер қатары үлкен техникаларға жол беріп тұрдық. Кенеттен бізге қарай келе жатқан экскаваторды байқадық. Бағдаршам қызыл белгісін көрсетіп, барлық көліктер тығыз қашықтықта тұрғандықтан шегінерге жол болмады", - деп баяндады оқиға қатысушысы болған жүргізуші.

Ақырында экскаватор 8 автокөлікті қағып өтті, олар: жүк тасымал ГАЗелі, ВАЗ 2101, Toyota Carina, Nissan Sunny, Toyota Carib, Mitsubishi Galant, Totota RAV-4 мен УАЗ Patriot. 

YK-avto.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!