Алматы облысында BMW бала ерткен әйелді жаяу жүргінші жолында қағып кетті

Фотография - Алматы облысында BMW бала ерткен әйелді жаяу жүргінші жолында қағып кетті

Оқиғаның бейнетаспасы ғаламторда пайда болды

1144 0

Алматы облысында бес жасар бала жетектеген әйелді жаяу жүргінші өткелінде қағып кетті. ЖКО 26 қазан күні Іле ауданының Өтеген батыр ауылында орын алды, деп жазады Today.kz.

Оқиғаның бейнетаспасы Желіде пайда болды. Бейнетаспада BMW үлкен жылдамдықта жаяу жүргінші жолында қыз бала мен әйел адамды қағып кеткені көрінеді. Соққыдан бала мен әйел ауада айналып жерге құлайды. Жүргізуші көліктен шығып, зардап шеккендерге қарай жүгіреді.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған уақытта әйел мен бала "Биля" базарына қарсы жағынан жолды "зебра" үстімен өтіп бара жатқан.

Полиция мәліметінше, рөлде 21 жасар жігіт отырған. Қазір ол полицияда куәлік беруде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі.

"Жүргізуші ешқайда қашпаған. Ол 1994 жылы туған жергілікті тұрғын. Көлік жүргізу өтілі аз", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Зардап шеккендер көптеген жарақаттармен жақын ауруханаға жеткізілген.

"Әйел адамның миы шайқалған, бас сүйегі жарақаттанған, сол аяғының жіліншігі сынған. Жағдайы бірқалыпты, травматология бөлімінде. Қызы жансақтау бөлімінде, оның бас сүйегі сынған. Жағдайы ауыр, болжам жасауға ерте", - дейді Іле ауданы орталық ауруханасының медециналық қызмет сапасын қадағалау директорының орынбасары Артур Қажыбаев.

Назар аударыңыз! Бейнетаспаны психикасы тұрақсыз адамдарға көрмеуге кеңес береміз!




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!