Ақтөбеде баласын 200 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

Фотография - Ақтөбеде баласын 200 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

Ақтөбедегі жалдамалы пәтерлердің бірінде баланы сатып жатқан жас ананы қолға түсірді

304 0

Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментіне 23 жастағы жергілікті тұрғынның жаңа туған сәбиін сатқалы жатқандығы туралы ақпарат 1 қазан күні келіп түскен. 


23 қазан күні сағат 11:50-де Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының мамандары арнайы операция жүргізу барысында Ақтөбедегі жалдамалы пәтерлердің бірінде баланы сатып жатқан жас ананы қолға түсірді. Ол сатып алушы тараптан ақшаны алып үлгерген. Туғанына 1 апта болған сәбиін күдікті әйел 200 мың теңгеге саудалапты, деп жазды baq.kz.


Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабы 1 тармағы бойынша іс қозғалып, күдікті тергеліп жатыр. Айғақ зат ретінде 200 мың теңге тәркіленді. Жас ана қамауға алынған. Ал, нәресте болса Ақтөбедегі «Үміт» сәбилер үйіне орналастырылады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!