Алматыда ер адам өзінің туған қызын зорлаған

Фотография - Алматыда ер адам өзінің туған қызын зорлаған

Педофил әкеге қатысты үкім шықты

1029 0

Алматының Ауданаралық арнайы қылмыстық соты өзінің кәмелетке толмаған қызын зорлаған педофил әкеге қатысты үкім шығарды, деп жазады Today.kz.  тілшісі.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, оқиға 2015 жылдың жазында "Алғабас" ықшамауданында орын алған. 40 жасар ер адам мас күйінде өзінің 14 жасар қызын зорлаған. Осыған дейін ол әйелімен ұрсысып қалғандықтан, ол уақытта әйелі үйде болмаған. Отбасында жалпы үш бала бар.

Бұл іске қатысты сот процесі жабық күйде өтті. 27 қазанда айыпталушыға қатысты үкім шығарылды. Ер адам кінәлі деп танылды. "Азамат Б 120-баптың 3-тармағы ("Зорлау") бойынша кінәлі деп танылды. Осы бапқа сәйкес ол өмір бойына сабақ және тәрбие беру құқығынан айырылады және 11 жылға бас бостандығынан айырылып, оны қатаң режимдегі колонияда өткізеді", - деп үкім шығарды судья Қасым Қалмағамбетов.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың қыркүйек айында өз жиенін зорлаған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!