Қанат Садуов әйелін өртеп жіберерден екі апта бұрын оны ұрып-соққан

Фотография - Қанат Садуов әйелін өртеп жіберерден екі апта бұрын оны ұрып-соққан

Сотта Светлана Садуованың бұрынғы күйеуіне жазылған арызы оқылды

1329 0

Астананың ауданаралық арнайы қылмыстық сотының отырысы кезінде құқық қорғау органдарына Светлана Садуованың бұрынғы күйеуінің тарапынан соққылар мен қорқыту фактілері бойынша арызы оқылды, деп жазады Today.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, Светлана Садуова 2015 жылдың 16 мамырында, қайтыс болардан екі апта бұрын құқық қорғау органдарына арызданған. Әйелдің сөзінше, оны өлтіремін деп бірнеше рет қорқытқан бұрынғы күйеуі Қанат Садуовқа қарсы шара қолдануын сұраған.

"Мен, Светлана Садуова, Садуов Қанатты қылмыстық жауапкершілікке тартуларыңызды сұраймын. Менің бұрынғы күйеуім маған және ұлым Талғатты өлтіремін, менің жоғалтарым жоқ деп қорқытуда. Қорқытып SMS жазуда, диктофонда жазба бар, жұмысқа келеді. Шара қолдануыңызды сұраймын, оның айтуынша ол бәрін істей алады және оны ешкім таба алмайды", - деп оқыды арыз мәтінін судья Ербол Рахымбеков.

Арыз 88 нөмірімен полиция бөлімінде тіркелген. Сонымен қоса, тергеу материалдарына сәйкес, әйел 2015 жылдың 13 мамырында ұқсас арыз түсірген, осыдан кейін полиция  қорғау нұсқамасын жазған. Сондай-ақ, 16 мамырда Садуова полицияға бұрынғы күйеуінен дене жарақаттарын алу фактісі бойынша арызданған.

Естеріңізге салсақ, Қанат Садуов осы жылдың мамыр айында №25 мектептің маңында бұрынғы әйелі Светлана Садуовамен ұрсысып қалғаннан кейін оған бензин төгіп өртеп жіберген және оқиға орнынан қашып кеткен деп айыпталуда. Әйел алған жарақаттардан қайтыс болды. Светлана Садуованың өліміне қатысты ҚР ҚК "Өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Іздеу барысында полиция оның қайда жүргені туралы нақты ақпарат үшін сыйақы тағайындаған. 14 қыркүйекте Қанат Садуов туыстарының үйінен табылған. Туыстарына қатысты жасыру бойынша тексеру басталды. Оның ісі Астананың Арнайы ауданаралық қылмыстық сотына берілді. Алдын ал тыңдау кезінде ол әйелінің өліміне кінәлі емеспін деп куәлік берген. Қанат Садуов қатысты 99-бап 2–тармағының 5-тармақшасы "Аса қатыгездікпен қасақана адам өлтіру" бойынша айыпталуда. Бұл баптың санкциясына сәйкес оны өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!