Қызылорда облысында барымтаны кәсіп еткен екі тұрғын ұсталды

Фотография - Қызылорда облысында барымтаны кәсіп еткен екі тұрғын ұсталды

сурет kostanaytany.kz сайтынан

Үш күннің ішінде қызылордалық полицейлер 6 мал ұрлығы қылмысының бетін ашқан

1300 0

Қызылорда облысында қазан айының 20-23 күндері аралығында "Соғым" алдын алу шарасы жүргізілді. Мақсат - мал ұрлығына қатысты қылмыстардың бетін ашып, заңсыздықтарды болдырмау деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Осы үш күннің ішінде қызылордалық полицейлер 6 мал ұрлығы қылмысының бетін ашқан. Күдікті ретінде екі жергілікті тұрғын ұсталып отыр. Олар бірлесе былтырдан бері облыс аумағында барымташылықпен айналысып келген. Әзірге келтірілген шығын есептеліп жатыр. Тәртіп сақшылары олардың өзге де мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін екенін айтуда.

Осы рейдтік шара барысында 2014 жылы жасалған қылмыстардың беті ашылды. Мәселен, былтыр тамыз айының 3 мен 5 күндері аралығында Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылының тұрғыны өрісте жайылып жүрген 1 бас сиыры ұрланып, жалпы құны 100 000 теңге көлемінде залал келтіргендігі жайлы арызданған болатын.

Дәл осындай дерек 2014 жылғы қыркүйек айының 9 күні де орын алған. Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы тұрғыны өрісте жайылып жүрген құны 50 000 теңге тұратын 1 бас баспағын ұрлап кеткендігі жайлы арызданған. Осы екі дерек бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1985 жылы туылған ауыл тұрғыны ұсталды. Оның басқа да мал ұрлығы қылмыстарына қатыстылығын анықтау барысында, бұдан бөлек 6 мал ұрлығы қылмысын жасағандығы белгілі болды. Аталған азамат кінәсін толық мойындап, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!