Павлодарда бір үйдің ауласында үш бірдей көлік жанып кетті

Фотография - Павлодарда бір үйдің ауласында үш бірдей көлік жанып кетті

сурет ptzgovorit.ru сайтынан

Оқыс оқиға Павлодар қаласы Горький көшесіндегі аулалардың бірінде орын алды

201 0

Облыс орталығындағы көпқабатты үй аулаларының бірінде үш жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Әлия Темірова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оқыс оқиға Павлодар қаласы Горький көшесіндегі аулалардың бірінде орын алды. Таңғы 03.00-де "Шевроле круз" көлігі өртенді. Нақтырақ айтқанда, мотор бөлігі мен салоны жанды. Кейін аталмыш машинаның жанында тұрған "Мерседес" және "Тойота королла" маркалы көліктері де қызыл жалынға оранды, - дейді Ә. Темірова.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, өрттің жалпы аумағы үш шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда оқиғаның себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!