Қанат Садуов әйелі туралы: "Мен оны сүйдім"

Фотография - Қанат Садуов әйелі туралы: "Мен оны сүйдім"

Қаза болған мұғалімнің күйеуі сотта соңғы сөзін айтты

988 0


Бұрынғы әйелі Светлана Садуованы өлтірді деп айыпталушы Қанат Садуов сотта соңғы сөзін айтты, деп жазады Today.kz тілшісі.

"Мен өлтіргем жоқ, әйелімді өртегем жоқ. Мен оны сүйдім. Мен отбасымды қайтарғым келді. Бізде мұндай жағдайлар болған, бірақ мен тағы да айтам, мен мұны істегем жоқ және кім істеді білмеймін. Болды. ", - деді Қанат Садуов.

Қанат Садуовқа үкім 28 қазанда сағат 16:00 Астананың Арнайы ауданаралық қылмыстық сотында жария етіледі.



Естеріңізге салсақ, Қанат Садуов осы жылдың мамыр айында №25 мектептің маңында бұрынғы әйелі Светлана Садуовамен ұрсысып қалғаннан кейін оған бензин төгіп өртеп жіберген және оқиға орнынан қашып кеткен деп айыпталуда. Әйел алған жарақаттардан қайтыс болды. Светлана Садуованың өліміне қатысты ҚР ҚК "Өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Іздеу барысында полиция оның қайда жүргені туралы нақты ақпарат үшін сыйақы тағайындаған. 14 қыркүйекте Қанат Садуов туыстарының үйінен табылған. Туыстарына қатысты жасыру бойынша тексеру басталды. Оның ісі Астананың Арнайы ауданаралық қылмыстық сотына берілді. Алдын ал тыңдау кезінде ол әйелінің өліміне кінәлі емеспін деп куәлік берген. Қанат Садуов қатысты 99-бап 2–тармағының 5-тармақшасы "Аса қатыгездікпен қасақана адам өлтіру" бойынша айыпталуда. Бұл баптың санкциясына сәйкес оны өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!