Ақмола облысында екі адам төбелесіп, бірі оққа ұшты

Фотография - Ақмола облысында екі адам төбелесіп, бірі оққа ұшты

Осыған орай жедел-іздестіру шарасын қолға алған құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1975 жылғы ер адамды қолға түсірді

574 0

Бүгін Ақмола облысының Атбасар ауданында 56 жастағы ер адамды атып кеткен күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

"Келеңсіз оқиға бүгін түнгі сағат 12-лер шамасында орын алған. Бұл туралы Атбасар аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем қызметінің мейірбикесі хабарлаған. Оның айтуынша, Атбасар қаласындағы Южный көшесінің бойында 40 және 56 жастағы екі ер адам төбелескен. Кейін 40 жастағы ер адам қарсыласын атып кеткен. Абырой болғанда, оқ 1959 жылғы ер адамның ішінен тиген. Зардап шеккен адам ауруханада тиісті ем алуда.

Осыған орай жедел-іздестіру шарасын қолға алған құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1975 жылғы ер адамды қолға түсірді. 

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 293 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ оның не себепті оқ атқаны да анықталуда", деп көрсетілген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!