Алматы маңындағы анасы мен қызы зардап шеккен ЖКО: жүргізуші адам тасымалдаған

Фотография - Алматы маңындағы анасы мен қызы зардап шеккен ЖКО: жүргізуші адам тасымалдаған

Оқиғаға кінәлі болған 21 жасар студен

892 0

Алматы облысында жаяу жүргінші жолында әйел мен қыз баланы қағып кеткен BMW жүргізушісі қамауға алынды, деп жазады Today.kz Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ҚПК 128 және 131-баптарына сәйкес күдікті қамауға алынды, әзірге 72 сағатқа. Оның студент екені белгілі болды. Ьос кезінде жеке тасымалдаумен айналысқан. Жүргізушілік өтілі екі жыл, автокөлік өзінің атына тіркелген. Оның айтуынша ол қатты жүрмеген, оқиға болар сәтте жолаушыларды алып келе жатқан. Жылдамдық сараптамадан кейін анық болады", - дейді баспасөз қызметінен.

Ал дәрігерлер әйел мен оның алты жасар қызының жағдайы тұрақталғанын айтады. "1982 жылы туған Василиса Петрованың жағдайы тұрақты. Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде. Оны травматология бөліміне ауыстыру жоспарлануда. Ең бірінші ми шайқалуын емдеу керек, содан кейін ғана сәйкес операциялар", - дейді Іле ауданы орталық ауруханасының медециналық қызмет сапасын қадағалау директорының орынбасары Артур Қажыбаев.

Дәрігерлердің айтуынша, алты жаар Ангелина Солонскаяның жағдайы жақсарып келеді. "Қыз бала өзін жақсы сезінуде. Әзірге ешқандай операция жасалмады", - дейді аймақтық балалар ауруханасының емдеу бөлімі директорының орынбасары Арман Тойбеков.

Естеріңізге салсақ, 26 қазанда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында BMW үлкен жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолында әйел мен қыз баланы қағып кетті. Соққыдан зардап шеккендер ауада айналып құлаған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған уақытта әйел мен бала "Биля" базарына қарсы жағынан жолды "зебра" үстімен өтіп бара жатқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!