Шахтинскілік педофил әлі ұсталған жоқ

Фотография - Шахтинскілік педофил әлі ұсталған жоқ

Фото Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен

Прокуратурада зардап шегуші өзіне шабуыл жасаған адамның кейіпін дұрыс бермеуі мүмкін деп күдіктенеді.

308 0

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 10-жасар қызға тиіскен педофил, әлі күнге дейін табылмаған, деп хабарлайды Today.kz прокуратурадағы мәлімет көзіне сілтеме жасай отырып.

Құзіретті мекемеде мектеп оқушысы шок әсерінен педофилдің бет бейнесін, кейіпін дұрыс сипаттап бермеуі мүмкін. Фоторобот бойынша күдіктіні табу мүмкін болмай тұр. Кінәлінің бет әлпеті анықталмағандықтан іс әзірше тоқтап тұр.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында бесінші сынып оқушысы бөтен ер адамның озбырлығына ұшыраған. Жапа шеккен қыздың полицияға айтуынша, ол сол күні тәтесінің үйінде болған. Сосын анасы қоңырау шалып, пәтердің кілтін әйел өзі отырған бір кафеге алып келуін айтқан. Қыз тәтесінің үйіне қайтып келе жатқан мезетте, бұрыңғы Қарттар үйінің бұрышында оның қолынан ұстап алып бұталар жаққа күштеп алып кеткен.  Ер адам қызды қорлап болған соң, оқушы қызға жақын жерде тұратындығын айтып, үйіне шақырған.  Сол кезде қыз бармайтындығын айтқанда, педофил қызды тастап, өзі кетіп қалған. Зардап шегуші тәтесінің үйіне барып, болған жайтты айтып берген. Тәтесі сол мезетте полицияны шақырған.

Жапа шеккен қыздың айтуымен күдіктінің фотороботы жасалған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!