Астана соты Қанат Сәдуовты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті

Фотография - Астана соты Қанат Сәдуовты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті

Аса қатігездікпен кісі өлтіру көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды.

894 0

Астана қаласы Қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қанат Сәдуов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағында (аса қатігездікпен   кісі өлтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оған қатаң режімдегі түзету колониясында жазасын өтеумен, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сот Қанат Сәдуовтің 2015 жылғы мамырда Астанада №25 мектептің маңында бұрынғы әйелі Светлана Сәдуованың үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін анықтады. Алынған күйік салдарынан жәбірленуші ауруханада көз жұмды.

Ұсынылған дәлелдер жиынтығын бағалап, сот сотталушы қасақана өлтіру әрекетін жасаған деген тұжырымға келді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Естеріңізге салсақ, Қанат Садуов осы жылдың мамыр айында №25 мектептің маңында бұрынғы әйелі Светлана Садуовамен ұрсысып қалғаннан кейін оған бензин төгіп өртеп жіберген және оқиға орнынан қашып кеткен деп айыпталуда. Әйел алған жарақаттардан қайтыс болды. Светлана Садуованың өліміне қатысты ҚР ҚК "Өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Іздеу барысында полиция оның қайда жүргені туралы нақты ақпарат үшін сыйақы тағайындаған. 14 қыркүйекте Қанат Садуов туыстарының үйінен табылған. Туыстарына қатысты жасыру бойынша тексеру басталды. Оның ісі Астананың Арнайы ауданаралық қылмыстық сотына берілді. Алдын ал тыңдау кезінде ол әйелінің өліміне кінәлі емеспін деп куәлік берген. Қанат Садуов қатысты 99-бап 2–тармағының 5-тармақшасы "Аса қатыгездікпен қасақана адам өлтіру" бойынша айыпталуда. Бұл баптың санкциясына сәйкес оны өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.


Ертеректе, Астананың ауданаралық арнайы қылмыстық сотының отырысы кезінде құқық қорғау органдарына Светлана Садуованың бұрынғы күйеуінің тарапынан соққылар мен қорқыту фактілері бойынша арызы оқылды деп жазған болатынбыз. Сонымен қатар Сәдуов жазасын мойындамай, әйелін жақсы көргендігін айтқан.

Оның алдында бірнеше уақыт бойы Қанат Сәдуов іздестіруде болған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!