Киік аулағаны үшін темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты - БҚО

Фотография - Киік аулағаны үшін темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты - БҚО

Далада жайылып жүрген киікті атып, мемлекетке 297300 теңге залал келтірген.

341 0

Қазталов аудандық сотының үкімімен заңсыз киік аулағаны үшін А. және С. есімді тұрғындар ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, біріншісі 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеліп, 1 жыл 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Екіншісіне 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеумен бірге аң аулаумен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза белгіленді.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қос тұрғын далада жайылып жүрген киікті атып, мемлекетке 297300 теңге залал келтірген.

Мемлекетке келтірілген залал сотталушылардан тең мөлшерде өндіріліп, іс бойынша қылмыс құралы болып танылған автокөлік пен аңшылық қару тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Қазталов - киік өсіп-өнетін ауданның бірі. «Аңшылар» ақбөкенді негізінен мүйізі үшін аулап, заңсыз табыс табуды көздейді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!