Есірткі затын тасымалдаған әрі сақтаған ақмолалық 11 жылға сотталды

Фотография - Есірткі затын тасымалдаған әрі сақтаған ақмолалық 11 жылға сотталды

сурет altyn-orda.kz сайтынан

Күдіктінің үйін тінту барысында полиэтилен бумасы, оның ішінде аса ірі мөлшердегі, 52,17 грамм "героин" есірткі заты табылған

216 0

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі затын тасымалдап,  сақтаған Аршалы кентінің тұрғыны азамат Е-ге қатысты қылмыстық істі қарады.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сотта, азамат Е-ның салмағы 0,49 грамм ірі мөлшердегі "героин" есірткі заттын заңсыз өткізгені анықталған. Азамат Е-нің үйін тінту барысында полиэтилен бумасы, оның ішінде аса ірі мөлшердегі, 52,17 грамм "героин" есірткі заты табылған.

Сот үкімімен азамат Е. ҚР ҚК  297-бабының 3-бөлімінің 2 жан 3 бөлімшелері (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жеке мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колонияда өтеу, он бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!