Полиция Шымкенттегі ТРЦ Mega Planet мұз айдынында болған оқиғаны тергеуде

Фотография - Полиция Шымкенттегі ТРЦ Mega Planet мұз айдынында болған оқиғаны тергеуде

Фото: instagram/@from_lucky

"Өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

1478 0

Полицияның пайымдауынша, Mega сауда ойын-сауық орталығында мұзға құлаған ер адамды өзін өзі өртіліруге дейін жеткізген болуы мүмкін, деп жазады Today.kz  ОҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Полиция қайтыс болған адамның жеке тұлғасын анықтады. Ол 1973 жылы туған Атырау тұрғыны. Оқиға бойынша тергеушілер ҚР ҚК 105-бабы "Өзін өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Ал, ОҚО Прокуратурасы Today.kz тілшісіне іс ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.


Оқиға 29 қазанда шамамен сағат 22:00-де Шымкенттегі Mega орталығына келушілердің көзінше орын алды. Ер адам үшінші қабаттан тура мұз айдынына құлаған. Куәгерлер ер адам әдейі құлады деп айтуда. Құлағаннан кейін ер адам біраз уақыт тірі жатқан, алайда, кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Естеріңізге салсақ, қазан айының басында әйел адам Астанадағы "Изумрудный квартал" кешенінің 29-шықабатынан секіріп кеткен. Полиция оның жеке тұлғасын анықтап, суицид фактісін растады. Әйел адам оқиға алдында ешқандай хат жазып қалдырмаған.

Бұл іс те "Өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергелуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!