Жамбыл облысында бір тоннаға жуық марихуана тәркіленді

Фотография - Жамбыл облысында бір тоннаға жуық марихуана тәркіленді

Химиялық сот сараптамасы көрсеткендей, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 846 келіден астам.

348 0

Облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 27 жастағы азаматты Байзақ ауданындағы "Аякөл" деп аталатын құмды аймақта қолға түсірді.
Полицейлер ол жерден салмағы 26 келіден асатын үш қап майдаланған өсімдікке ұқсас зат пен бір бау кендір шөп анықтады. Химиялық сот сараптамасы көрсеткендей, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 846 келіден астам. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат есірткіні өткізу мақсатында жинағандығын мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

24.kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!