Бозымбаевтан ақша бопсалау ісі бойынша айыпталушыларға үкім шықты

Фотография - Бозымбаевтан ақша бопсалау ісі бойынша айыпталушыларға үкім шықты

Төрт айыпталушы да оларға ҚР ҚК бойынша барлық тағылған айыптар бойынша сотталды

511 0

Павлодарда облыс әкімі Бозымбаевтан 500 мың доллар бопсалау ісі бойынша сот үкімі шықты. Павлодар облысының Арнайы ауданаралық қылмыстық сотының залынан үш сотталушыны кісендеп шығарды, деп жазады Today.kz  тілшісі.

"Версия" газетінің бас редакторы Ярослав Голышкинді сот мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды, жазасын қатаң режимдегі колония өтейді. Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Бахралинов мүлкі тәріклене отырып, 10 жылға сотталды. Бизнесмен Нұржан Сүлейменовке – жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы. Бұрынғы полицей Фархат Алиясов мүлкі тәрілене отырып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды және майор шенінен айырылды. Айта кетейік, сот Сүлейменов пен Алиясовтың кінәсін толық мойындап, тергеуге жәрдемдескенін есепке алды. Бозымбаевтың азаматтық арызын қараусыз қалдырды.

Айта кетейік, төрт сотталушы да оларға ҚР ҚК бойынша барлық тағылған айыптар бойынша сотталды, нақты айтқанда, алдын ала келісіммен аса ірі көлемде ақша бопсалау, сондай-ақ, ауыр қылмысқа кәмелетке толмаған азаматты тарту. Сонымен бірге,Асқар Бахралиновқа "Терорлық акт туралы жалған ақпарат беру", ал Фархат Алиясовқа оқ-дәріні заңсыз сатып алу мен сақтау, есірткі затын сатып алу мен тасымалдау айыбы тағылған. Мемлекеттік айып Голышкин мен Бахралиновты мүлкін тәркілей отырып, 12 жыл, ал Алиясов пен Сүлейменовке 7 жыл сұраған болатын.



Тегтер:

бозымбаев сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!