Алматыда ұшақ бортында ақша ұрламақ болған Қытай азаматы ұсталды

Фотография - Алматыда ұшақ бортында ақша ұрламақ болған Қытай азаматы ұсталды

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады

315 0


Алматыда ұшақ бортында ақша ұрламақ болған Қытай азаматы ұсталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, ҚХР азаматы Рау Джонг Чжау "Эйр Астана" рейсімен «Москва-Алматы-Пекин» бағытында ұшып бара жатқан. «Боинг-757» әуе көлігінде жолаушылап келе жатып, түнгі сағат 23:50-де қасындағы сапарластарының бірінің қол портфелінен 280 000 теңге көлемінде ақша ұрлаған.

Жүргізілген жедел тексеру шараларының нәтижесінде қытай азаматы күдікті ретінде ұсталып, Алматы әуежайындағы желілік ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Тінту барысында полицейлер оның қалтасынан аталған көлемдегі ақшаны тапты.

Түрксіб аудандық соты ҚХР азаматы Рау Джонг Чжауды ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алу туралы шешім шығарды.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!