Жамбыл облысында парақор полицейлер қаржы полициясынан қару қолданып қашқан

Фотография - Жамбыл облысында парақор полицейлер қаржы полициясынан қару қолданып қашқан

Жамбыл облысында пара алып жатқан жерінен жол-патрульдік полициясының екі қызметкері ұсталды

529 0

Жамбыл облысында пара алып жатқан жерінен жол-патрульдік полициясының екі қызметкері ұсталды деп хабарлайды облыстық Мемлекеттік қызметі және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Жемқорлықпен күрес қызметіне хабарласқан ер азамат жол сақшыларының өзінен 40 мың теңге көлемінде пара талап еткенін айтып арызданған. Күдіктілер бұл қаражат үшін әкімшілік жаза қолданбауға уәде беріпті. Осылайша, 29 қазан күні өз қызметтік көліктерінде 40 мың теңгенің 30 мың теңгесін санап алып жатқан кезде қос полицей қолға түсті. Алайда, қаржы полицейлерінен сытылып кетеміз деп ойласа керек, екеуі Hyundai "Автоураган" көлігімен біраз жерге дейін қашып, арыққа түсіп бір-ақ тоқтаған.

Күдіктілердің бірі сол жерде берілсе, екіншісі табельді қаруымен сол маңдағы көліктердің бірін тоқтатып, жүргізушісін қорқыту арқылы тағы біраз жер қашпақ болды. Дегенмен, ол көп ұзай алған жоқ.

Қазір парақор полицейлердің екеуі де қамауға алынып, тергеліп жатыр. Олардың қызметтік көліктерін тексеру барысында 230 мың теңге, қырғыз сомдары, ресейлік рубльдер және еуро табылды. Белгілі болғандай, қос полицей күнделікті жолда тұрып 500 мың теңге көлемінде табыс тауып отырған.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!