Ғаламторда тараздық полицейлерді тұтқындау бейнеролигі пайда болды

Фотография - Ғаламторда тараздық полицейлерді тұтқындау бейнеролигі пайда болды

Жемқорлыққа қарсы қызметінің мемлекеттік автоинспекторлардан көлемді қаржы тәркіледі

1339 0

Ғаламторда жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінен қашқан тараздық полицейлерді ұстау бейнеролигі ғаламторда жарияланды, деп жазады Today.kz.

Кадрде ұсталғандардың қалтасынан бір бума ақшаны тәркілеп жатқаны көрінеді. Бейнеролик Ихтияр Мурзахметов атты пайдаланушы "Жамбыл -Тараз: Что? Где? Когда?" топтамасында орналастырылған.


Естеріңізге салсақ, жемқорлықпен күрес қызметіне хабарласқан ер азамат жол сақшыларының өзінен 40 мың теңге көлемінде пара талап еткенін айтып арызданғаннан кейін оларды қылмыс үстінде тұтқынға алған. Күдіктілер бұл қаражат үшін әкімшілік жаза қолданбауға уәде беріпті. Осылайша, 29 қазан күні өз қызметтік көліктерінде 40 мың теңгенің 30 мың теңгесін санап алып жатқан кезде қос полицей қолға түсті. Алайда, қаржы полицейлерінен сытылып кетпек болып екеуі Hyundai "Автоураган" көлігімен біраз жерге дейін қашып, арыққа түсіп бір-ақ тоқтаған.

Күдіктілердің бірі сол жерде берілсе, екіншісі табельді қаруымен сол маңдағы көліктердің бірін тоқтатып, жүргізушісін қорқыту арқылы тағы біраз жер қашпақ болды. Дегенмен, ол көп ұзай алған жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!