Өзін өртеген жігіт Көкшетау ауруханасында ауыр хәлде жатыр

Фотография - Өзін өртеген жігіт Көкшетау ауруханасында ауыр хәлде жатыр

Ол өзін әйелімен болған ұрыстан кейін өртеген

699 0

Көкшетау тұрғыны әйелімен ұрсысып қалғаннан кейін, өзіне бензин құйып өртеп жіберген. Жігіт бірінші деңгейлі күйіктер алып, қазір ауруханада ауыр күйде жатыр, деп жазады Today.kz Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"1 қараша сағат 18:35 кезекші бөлімге Көкшетауда 20 жасар жергілікті тұрғын өзіне бензин құйып, өртеп жіберді деген хабарлама келіп түсті. Ол Ақмола облысыстық ауруханасына жеткізілді, оны бірінші дәрежелі күйіктермен – денесінің - 95-97 пайызын күйік шалған, жансақтау бөліміне жатқызды.  Оның отбасына оң баға берілген: отбасы-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық, отбасының барлық мүшесі жұмыс істейді. Отбасында өзіне қол жұмсағандар болмаған", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай өзінің азаматтық некедегі әйелімен ұрсысып қалған жігіт өзін өртеймін деп қорқытқан. Туыстары тоқтатуға тырысқанмен, ол өзін өртеп жіберген.

Ақмола облыстық ауруханасының хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша оның жағдайы өте ауыр.

Естеріңізге салсақ, 24 қазанда Таразда ұқсас оқиға болды, 20 жасар Шымкент тұрғыны Ерлан Бектібаев өзін өртеу актісін жасады. Істі тергеу ҚР Бас прокуратурасының қадағалауында. Өзін өртеуден бұрын ол мұндай қадамға полицейлердің қысымынан кейін барып отырғанын айтқан.

Кейін жігіттің денсаулыққа қасақан зиян келтіру мен ұрлық бойынша жазасын өтеп жүргені белгілі болған. Өзін өртеу актісін камераға түсіргендер ұсталған болатын.

Ал Ерлан Бектібаевтің туысы Айгүл Исраилова Today.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында жігіттің өлгісі келмегенін, тек аяғын өртемек болғанын және жалпы оның тағдыры жайынды баян етіп берген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!