Қазақ қызы қытайлық оқушылардан озбырлық көруде

Фотография - Қазақ қызы қытайлық оқушылардан озбырлық көруде

Видеодан, қазақ қызының қалай басынан-көзінен ұрып, ішінен тепкілеп жатқанын байқауға болады.

1174 0

Қытайлық оқушылар қазақ қызын жабыла құрсағынан теуіп, шашынан сүйреген деп жазады qamshy.kz.


31 қазанда ҚХР Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық ауданына қарасты Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданындағы 1- орта мектебінде оқитын қазақ қызын қытай қыздарының аяусыз ұрып-соққаны туралы видео вичат әлеуметтік желісінде таралып, қандастарымыздың ашу-ызасын тудырды.

Әлеуметтік желідегі қазақтардың наразылығынан кейін қытай үкіметінің тәртіп сақшылары қандасымызға күш көрсеткен оқушыларды қолға алып, тексеру жұмысын жүргізіп жатқаны туралы ақпараттар келіп түсуде.

Видеодан, қазақ қызының қалай басынан-көзінен ұрып, ішінен тепкілеп жатқанын байқауға болады.

Бұл видео Шалғай ауыл қыстақтан білім іздеп келген қазақ баласының күй-жайынан мәлімет берді десек те болады.

"Бұдан түйер түйін: қандастарымыз өз отанын ерте бастан таппаса әлі де мұндай тепкінің талайын көрері анық. Сондықтан үкімет көші-қон турлы заңды тезірек іске қосып, қандастарының елге оралуына түрткі болып, өз құшағына алып, пана болуы тиіс", – деп жазады портал авторларының бірі Тұрдыбек Құрметхан.

"Тағы бір айта кететініміз, Қазақ елінің ата заңында: «қазақ елінің ең үлкен байлығы адамдар",- делінген. Ал біздің адамдар – әрбір қазақ азаматы. Қайда жүрсе де қазақ баласының өз иесі бар. Әлемдегі қазақ баласына иелік етер "Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы" да бар. Ендігі сұрақ, осы қауымдастық қазақ қыздарының құрсағын тепкілетіп, қара көздеріміздің көзінен қашанғы жас ағыза береді? Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылдан кейін қытайдағы ауыл қыстақтардағы қазақ орта мекетептері жабылып, қаладағы мектептер аралас мектептерге айналған болатын. Бұл да болса, соның жемісі болуы керек. Бұдан кейін, ол жақтағы қандастарымыздың болашағына қалай алаңдамаймыз?", – деп сұрақтарын жаудырды Құрметхан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!