БҚО тұрғыны учаскелік полиция инспекторын ұрғаны үшін 1 жылға сотталды

Фотография - БҚО тұрғыны учаскелік полиция инспекторын ұрғаны үшін 1 жылға сотталды

Аталған іс бойынша аудан прокуроры мен айыпталушының арасында кінәні мойындау туралы мәміле жасалған.

423 0

Бөкей ордасы аудандық сотының үкімімен А. деген азамат ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігімен (билік өкілінің денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) айыпты деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тұрғын арақ ішкен мас күйінде Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік полициясын ұрған. 

Аталған іс бойынша аудан прокуроры мен айыпталушының арасында кінәні мойындау туралы мәміле жасалған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!