Ақмола облысында өрт болған пәтерден 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Фотография - Ақмола облысында өрт болған пәтерден 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

сурет gazeta.kz сайтынан

Өрт 2-ші қараша күні түнгі уақытта Жарқайың ауданының Державин қаласында тұратын 1954 жылғы Т.Қосшығұловтың пәтерінде орын алған

415 0

Ақмола облысының Жарқайың ауданында өрт болған пәтерден 61 жастағы үй иесінің мәйіті табылды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

"Өрт 2-ші қараша күні түнгі 23:33 минут шамасында Жарқайың ауданының Державин қаласында тұратын 1954 жылғы Т.Қосшығұловтың пәтерінде орын алған. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД "Өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару жұмыстары" ММ жеке құрамынан 3 адам және 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнынан үй иесінің мәйіті табылды", - деп көрсетілген хабарламада. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!