Астаналық кәсіпкерді өлтірмек болған күдікті сотта бар кінәсін мойындады

Фотография - Астаналық кәсіпкерді өлтірмек болған күдікті сотта бар кінәсін мойындады

nur.kz

"Иә, мен кінәлімін. Қылмысымды мойындаймын. Мен ешкімді өлтіруге құқым жоқ", – дейді айыпталушы Камил Ибишев.

249 0

Астанадағы "Бәйтерек" түбіндегі атысқа қатысты кезекті сот отырысында айыпталушылар соңғы сөздерін айтты. Темір торға ұзақ уақытқа тоғытылатынын сезген күдікті Камил Ибишев кәсіпкер Олжас Мұқажановқа күтпеген жерден оқ жаудырғанын мойындады. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
Атышулы сотқа соңғы нүкте алдағы сәрсенбіде қойылып, күдіктілерге үкім кесіледі. 36 жастағы кәсіпкерді тапсырыспен атып өлтірмек болғандардың қанша жылға бас бостандықтарынан айрылатыны сол уақытта белгілі болады.
Сот барысында прокурор Дариға Мусинв тапаншадан оқ атқандар мен қылмысты ұйымдастырды деп айыпталған үш күдіктінің әрқайсысын 15 жылдан түрмеге қамауды сұраған. Және дүние-мүліктерін түгелдей тәркілеп, қатаң режимдегі колонияға жабуды өтінді. Ал кәсіпкерді өлтіруге тапсырыс беруші, Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы қызметкері Ерлан Анарбек болса, шетелде жасырынып жүр. Жан досын өлімге қиған қаскөйдің көздегені – Олжас Мұқажановтың кәсібі болған. Көп асамақ болған қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланды.
Естеріңізге сала кетсек,  Астанадағы "Керуен" сауда үйінен шығып келе жатқан Олжас Мұқажанов пен оның досына беттерін тұмшағалан екі адам трамватикалық қарудан оқ жаудырған. Олжас Мұқажановтың арқасына үш, басына үш оқ тиіп, ажал тырнағынан әрең аман қалған.
Қаланың қақ ортасындағы жан түршіктірер оқиғаны полицейлер "бұзақылық" деп есептеп, әкімшілік іс қозғаған. Ал, зардап шеккен кәсіпкер Олжас Мұқажанов болса алты оқ жәй тимегенін, арнайы тапсырыспен өзін өлтіруге жасалғанын дәлелдеу үшін бір жарым жыл құзырлы органдардың табалдырығын тоздырды.
Артынша қылмысын мойындап полицейлерге Камиль Ибишев келді, ал тамыз айында екінші "киллер" Елдос Дәуітовпен қылмысты ұйымдастырды деп айыпталған Мұрат Садыров өз кінәларын мойындады.
Атышулы соттарды ғана жүргізетін судья Ербол Рахымбеков процесс барысында «адам өлтірмек болған» деп айыпталған күдіктілерді қамауға алу туралы шешім шығарған жоқ. Кинодан ғана көретін қорқынышты қылмыстың үкімі алдағы аптады шығады. Кәсіпкер Олжас Мұқажанов болса өзін өлтірмек болғандарға судья әділ жаза кеседі деген үмітте.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!