"Атырау-Алматы" пойызынан өрт шықты

Фотография - "Атырау-Алматы" пойызынан өрт шықты

сурет azh.kz сайтынан

Төтенше оқиға темір жолдың Атырау бөлімшесінде орын алды

404 0

Бүгін сағат 12.10-да №41 "Атырау-Алматы" жолаушылар пойызының вагондарының бірінен түтін шықты.

Төтенше оқиға темір жолдың Атырау бөлімшесінде орын алды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметінен.

"Жолаушылар басқа вагондардағы бос орындарға орналасып, пойыз одан ары өз бағытымен аттанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Пойыз Алматыға белгіленген қозғалыс кестесі бойынша келеді. Вагонның түтіндеу себебі анықталуда", - делінген хабарламада.


Тегтер:

поезд өрт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!