Жүкті әйел Жаңаөзен әкімдігінде өзіне қол салмақ болған

Фотография - Жүкті әйел Жаңаөзен әкімдігінде өзіне қол салмақ болған

Әйел адам мас күйінде өзін тілгілеген

337 0

Оқиға 3 қараша күні сағат 10:20 шамаларында Жаңаөзен әкімдігінің ғимаратында орын алды. Жүкті әйел өзін кескілеп, өзіне қол салмақ болды, деп жазады Today.kz Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Оқиға орнына жедел түрде полиция келіп жетіп, қатты мас күйінде 1987 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады. Мұның алдында ол қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған, төрт балалы, жұмыссыз. Оқиға ҚР ҚК 105-бабының 1-тармағы "Өзін өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелді", - дейді баспасөз қызметінен.

Полицияның мәліметінше, әйел өз ісін баспана алмақ болуымен түсіндірді. Қазіргі кезде ол Жаңаөзен ауруханасында. Әйелдің бес айлық жүктілік мерзімінде екенін айта кету керек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!