Алматы облысында ауыл әкімі пара алған үшін 16 млн төлейді

Фотография - Алматы облысында ауыл әкімі пара алған үшін 16 млн төлейді

Алматы облысының Іле аудандық сотында Нұра ауылдық округінің (Талғар ауданы) бұрынғы әкімі Д.Әбдіқұловке байлансты іс қаралды

320 0

Алматы облысының Іле аудандық сотында Нұра ауылдық округінің (Талғар ауданы) бұрынғы әкімі Д.Әбдіқұловке байлансты іс қаралды.

 Сот ісінің мәліметтері бойынша, мемқызметкер өзінің заңсыз әрекеті үшін 270 мың теңге төлеуді талап еткен. Нақтырақ айтсақ, күдікті Нұра ауылы тұрғынының атына екі жер телімін аз уақыт ішінде аударып беру үшін пара алған.

«Сот шешімі бойынша Д.Әбдіқұлов ҚР ҚК 366-бабына сәйкес (үлкен көлемде пара алу) айыпты деп танылды. Сотталушының жеке мүлкі тәркіленіп, 16 млн теңге көлемінде айыппұл төленуге шешім қабылданды», - деп хабарлады облсот баспасөз қызметінің өкілі Айнаш Рахымбаева.

Сонымен қатар, айыпталушы өмір бойы мемлекет қызметінде жұмыс жасау құқығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!