Павлодарда маршруттық автобус өртеніп кетті

Фотография - Павлодарда маршруттық автобус өртеніп кетті

Өрт сағат 8-де ауыздықталып, 10 минуттан соң толық сөндірілді

424 0

Павлодарда академик Сәтпаев атындағы орталық көшеде, "Erstes" мейрамханасының жанында автобус өртеніп кетті, деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

"№ 3 бағдармен келе жатқан "Хундай-Каунти" маркалы автобустың салоны, мотор бөлігі және екі алдыңғы доңғалағы толық өртеніп кетті. Өрт сағат 8-де ауыздықталып, 10 минуттан соң толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенше жалынға оранған автобустың ішінен 10 жолаушы шығып үлгерді", - деп нақтылады ТЖД-нен.

Өрт аумағы 6 шаршы метрді құраған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі мен келтірген шығын анықталуда.

Тілсіз жаумен күресте ТЖД-нің "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары" ММ жеке құрамының 9 адамы мен 2 техника жұмылдырылған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!