Пойызды шұғыл тежеу оқиғалары азаяр емес

Фотография - Пойызды шұғыл тежеу оқиғалары азаяр емес

Алдын алу шараларына қарамастан адамдардың темір жол бойында жарақаттануы тоқтамай тұр

1010 0

Жыл басынан бері көлік полицейлері темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өтуге байланысты 26549 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

"2015 жылдың 10 айында пойыздардың адамдарды басып кету оқиғасына байланысты 103 оқиға тіркелген болса, оның жартысынан көбінде көз жұмған. Сонымен қатар, есепті кезең ішінде кәмелетке толмағандардың жарақат алуына қатысты 6 дерек тіркелген, оның 3-і қайғылы оқиғалармен аяқталған. Оның айтуынша, оқиғалардың орын алуының негізгі себептері азаматтардың темір жолдарды белгіленбеген орындардан кесіп өтуі, қауіпсіздік шараларын сақтамауы. "Үлкен адамдардың өзі темір жолдың аса қауіпті аймақ екендігін жете түсінбейді. Азаматтар көп жағдайда жолды қысқарту немесе уақыттарын үнемдеу мақсатымен белгіленбеген жерлерден, тіпті, тоқтап тұрған вагондарының астынан өтіп жатады. Соның салдарынан азаматтарымыз орны толмас бақытсыздыққа ұшырап жатады. Қайғылы оқиға болмасын десек, темір жол жиегінде тұрғындарымыз қауіпсіздік ережелерін мейілінше қатаң сақтаулары керек", - дейді көліктегі ІІД бастығының баспасөз хатшысы Лөззат Аленова.

Осыған байланысты ҚР ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті қызметкерлері азаматтармен болатын қайғылы оқиғалардың, жолаушы пойыздары терезелерін сындырудың, темір жолдарға бөгде заттарды қою жағдайларының алдын алу, ескерту және оларды болдырмау мақсатында темір жол маңы тұрғындарымен 217 кездесу өткізді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне және мектеп оқушыларына осыған қатысты 1810 дәрістер жүргізген.

Пойыздарды шұғыл тежеу деректері тыйылмай отыр. Ағымдағы жылдың 10 айында 1046 дерек тіркелген, оның ішінде 532 фактісі темір жолдарда адамдардың болуымен байланысты, 393-і малдардың шығып қалу салдарынан тоқтатылған. Осыған сәйкес 206 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Темір жол бойына бөгде заттарды қою бойынша 9 факт тіркелген, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!