Іздестіруде жүрген Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірлігінен экстрадицияланды

Фотография - Іздестіруде жүрген Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірлігінен экстрадицияланды

сурет prokuror.gov.kz сайтынан

Біріккен Араб Әмірлігінің ішкі істер министрлігі 25 жастағы Арби Асаев есімді ҚР азаматын Қазақстанға экстрадициялады

196 0

Бүгін ҚР Бас Прокуратурасы іздестіруде жүрген Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірлігінен экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

 "Бүгін ҚР Бас Прокуратурасы мен Біріккен Араб Әмірлігінің ішкі істер министрлігі 25 жастағы Арби Асаев есімді ҚР азаматын Қазақстанға экстрадициялады. Аталған азаматқа Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментінен қаржы жымқырғаны үшін экономикалық қылмысқа қатысы бар деген айып тағылған болатын", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта А.Асаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!