ОҚО-да даулы роликтегі офицердің жеке тұлғасы анықталды

Фотография - ОҚО-да даулы роликтегі офицердің жеке тұлғасы анықталды

АІІБ бастығының орынбасары қол астындағыларға боқтық сөздер айтқан

453 0

Ғаламторда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының АІІБ  офицері өзінің қол астындағыларға боқтаған бейнеролик пайда болды, деп жазады Today.kz.  Бейнетаспа 25 қазанда YouTube желісінде пайда болған. Ол екі мың рет қаралған.

ОҚО ІІД даулы ролик туралы айтып берді және офицердің жеке тұоғасы анықталғанын хабарлады.

"Бейнеролик қаһарманы – АІІБ бастығының орынбасары, ол ауруханада. Оған қатысты материал жинақталды. Қазір оны күтіп отыр. Шыға салысымен тәртіптік комиссия шешім қабылдайды", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.


Айта кетейік, билік өкілдерінің артық кетуі әлеуметтік желілерде қатты талқылануда. Осы аптада заңды бұзушы полицейлермен күресіп жүрген Қарағандылық студент Генрих Кливер Today.kz материалының бас кейіпкері болды. Бір ай ішінде оның түрлі мекемелерге шағымының арқасында 15 полицей жазаға тартылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!