Жалған ақша жасайтын 7 жасырын цехтің жұмысы тоқтатылды

Фотография - Жалған ақша жасайтын 7 жасырын цехтің жұмысы тоқтатылды

9,9, млн теңгеге 2,8 мың қолдан жасалған ақша купюролары заңсыз айналымнан алынды.

285 0

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз мәжілісінде комитеттің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының сарапшы-тергеушісі Ерден Жұма мәлімдеді. 

"Ағымдағы жылдың басынан қазірге дейін ақшаны қолдан жасау өндірісі бойынша 7 жасырын цех қызметінің жолы кесілді. Жалпы сомасы 9,9, млн теңгеге 2,8 мың қолдан жасалған ақша купюролары заңсыз айналымнан алынды. Осылайша, қолдан жасалған ақшалардың одан әрі таралуына жол берілмеді. Атап айтсақ, олардың басым көпшілігі Алматы, Алматы облысы мен елдің шығыс өңірінен табылды. Біз тексеріс жүргізу барысында елімізде жалған ақша жасаудың 20-дан аса түрі пайдаланылғанын анықтадық. Ол қағаздың, бояуды қолдау сапасына, магнитті ленталарды пайдалануына және теңгедегі белгілерге байланысты болды. Сондай-ақ, ең көп табылғаны 2 мың теңгеліктер", - деді ол. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!