Маңғыстауда пара алмақ болған шенеуніктер сотты болды

Фотография - Маңғыстауда пара алмақ болған шенеуніктер сотты болды

Кәсіпкерлерді қорғаудың орнына оларды жәбірлеген басшының қылмысы сотта дәлелденіп, оған 2 500 000 теңге айыппұл салынды.

435 0

 Маңғыстауда кәсіпкерлерді "қолдаушылар" сотты болды. Бұл туралы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облыстық департаменті" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

"Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы К.Нұрсұлтанов өзінің қызмет бабын пайдаланып, жеке кәсіпкерден Ақтау қаласы аумағында бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктесін тез арада рәсімдеу үшін 200 000 теңге көлемінде пара талап еткені анықталды. Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жедел-тергеу әрекеттерінің барысында ағасы К.Нұрсұлтановқа арналған 200 000 теңге параны алу үстінде оның інісі С.Нұрсұлтанов ұсталған.

Қылмысы дәлелденген К.Нұрсұлтанов өмір бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды, сонымен бірге 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ,

Қарақия ауданына қарасты "Қарақия аудандық кәсіпкерлік бөлімінің" басшысы М.Қыдырқожаға қатысты қылмыстың беті ашылды. Ол да бау-бақша өнімдерін сататын сауда орнына рұқсат беру үшін жеке кәсіпкерден 50 000 теңге пара талап еткен.

Кәсіпкерлерді қорғаудың орнына оларды жәбірлеген басшының қылмысы сотта дәлелденіп, пара алу фактісі бойынша оған 2 500 000 теңге айыппұл салынды. Сонымен бірге ендігі жерде оған мемлекеттік қызметтен мүлдем орын берілмейтін болды", – делінген департамент ұсынған хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!