Көктемде мал ұрлаған барымташылар күзде қолға түсті

Фотография - Көктемде мал ұрлаған барымташылар күзде қолға түсті

Қазір ұрланған жылқылар заңды иесіне қайтарылды

281 0

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары мал ұрлады деген күдікпен үш азаматты ұстады. 2015 жылдың мамыр айында Бәйдібек аудандық ішкі істер басқармасының кезекшісіне Екпінді ауылының 54 жастағы тұрғыны шағымданып келіп, жайылымда жайылып жүрген 8 бас жылқысының жоғалып кеткенін айтқан.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жоғалған жылқыларды жайылымда жайылып жүрген кезінде белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін анықтайды. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 4 миллион теңгеден асып кеткен.

Ішкі істер қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында үш азаматты, Ордабасы ауданы, және Шымкент және Түркістан қалаларының 1976,1980 және 1985 жылдары туылған тұрғындарын күдікті ретінде ұстады.

Тергеу барысында ұсталғандар жайылымда еркін жайылып жүрген жылқыларды түнгі уақытта ұстап, жүк көлігіне тиеп әкетіп жүргені анықталды. Кейін малды көрші Сайрам ауданына айдап кетіп отырған. Ал жүк көлігінің жүргізушісіне 800 мың теңге сыйақы берген. Қазір ұрланған жылқылар заңды иесіне қайтарылды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде деп хабарлайды otyrar.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!