Полицейдің бөренемен басын жарған жігіт 3 жылға сотталды

Фотография - Полицейдің бөренемен басын жарған жігіт 3 жылға сотталды

Лейтенант алған жарақатымен Успен орталық ауруханасына түскен

234 0

Успен аудандық сотында А есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі, 379-бабы 1-бөлігі, 380-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушы А. Биыл 21 шілдеде Успен ауылы Семенченко көшесі бойындағы 8-үйде мас күйінде болып, Г. есімді азаматпен сөзге келіп, оған пышақ салған. Азамат Г. алған жарақатымен Успен орталық ауруханасына түскен.

Содан кейін осы күні сағат 14.30-да азамат А. аталған үйге келген полиция қызметкерлеріне бағынбай, Успен аудандық ІІБ-ге барудан бас тартып, Успен ауданы ІІБ-нің Б. есімді аға лейтенантын бір неше рет бөренемен басынан ұрған. Лейтенант алған жарақатымен Успен орталық ауруханасына түскен.

Сот азамат А. ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі, 379-бабы 1-бөлігі, 380-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған жалпы режиімде 3 жыл бас бостандығынан айыру үкім шығарған.

Үкім заңды күшіне еңген жоқ.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!