Астанада мас жүргізуші көлігімен полицейді сүйреген

Фотография - Астанада мас жүргізуші көлігімен полицейді сүйреген

Мас жүргізуші құқық қорғау органы қызметкерлерінен жасырынбақ болған

562 0

Көлікті мас күйінде басқарған жүргізушіні ұстау кезінде Астананың жол-патрульдік  полициясы полкінің қызметкері жарақат алды, деп жазады Today.kz қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомствода хабарлағандай, полицияның аға сержанты Бағлан Қарымбаев қызметін атқару кезінде қарсы бағытқа шығып,  ЖЖЕ бұзған Lada Kalina көлігін тоқтатқан. Құжат тексеру кезінде жүргізуші қашпақ болып, орнынан жылдам қозғалып кеткен. Қарымбаев рульге ұмтылып, оны тоқтатпақ болған. Мас жүргізуші жылдамдығын төмендетпей полицеймен бірге келесі қиылысқа дейін жеткен. Алған жарақатына қарамастан полицей құқық бұзушыны тоқтата алған.