Жадыра Құлмамырованы психиатриялық ауруханаға жатқызды

Фотография - Жадыра Құлмамырованы психиатриялық ауруханаға жатқызды

Дәрігерлердің айтуынша, Жадыра Құлмамырова қылмысты жасау барысында өзіне-өзі есеп бере алмаған.

489 0

Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел шизофренияның ауыр түрімен ауыратыны рас болып шықты. 

Бостандық ауданы прокуратурасының хабарлауынша, №5-113/32 сот психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, 33 жастағы Жадыра Құлмамырова үдемелі параноидты шизофренияның үдемелі созылмалы түрімен ауыратыны белгілі болды. 
Осыған сәйкес, Бостандық аудандық прокуратурасы "келіншек мәжбүрлі түрдегі медициналық емдеуді қажет етеді" деген қаулы шығарды. 
Қаулыға сәйкес, енді оған қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, қамаудан босатылып, мәжбүрлі түрде станционарлы емдеуге алынды. 
Қазір айыпты Талғар ауданы, Ақтас ауылындағы Республикалық психиатриялық ауруханада жатыр. 
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 5 қыркүйекте таңертеңгі 9-да Сәтбаев-Бауман көшесінің қиылысында орналасқан үйде болған.
33 жастағы келіншек 5 қабатты үйдің балконынан екі қыз баланы лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. 
Салдарынан 8 жасар Айша Көкенай оқиға орнында көз жұмса, 1,5 жасар Хадиша мен әйелдің өзі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 
12 қыркүйекте №2 Бостандық аудандық соты Ж.Құлмамырованы "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 
Қалалық ІІД өкілі хабарлағандай, келіншектің күйеуі бар, толыққанды отбасы болып шықты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!