Талдықорғанда марихуананың ірі партиясын тәркіледі

Фотография - Талдықорғанда марихуананың ірі партиясын тәркіледі

Аймақта жыл басынан бері 74 есірткі сатушы қылмыстық жауапқа тартылды, олардың 7-еуі - әйелдер.

167 0

Талдықорғанда 34 жастағы есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

"Есірткі сатушының үйін санкцияланған тінтуде 12 келі 153 грамм марихуана тәркіленді. Күдікті есірткіні өткізу мақсатында сақтаған, олардың бәрі де кейіннен сатуға шығару үшін арнайы даярланған пакеттерге орап салынған", - деп баяндады есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қазыбек Мұхамедов.

Есірткі сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған жігіт қамауға алынды.

"Аймақта жыл басынан бері 74 есірткі сатушы қылмыстық жауапқа тартылды, олардың 7-еуі - әйелдер. Заңсыз айналымнан 1 тонна 730 келі әртүрлі есірткі шығарылды», - деп атап өтті облыстық полицияда. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!